457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ӘЧ-2026:Сауд Арабиясы құрамасының сәтсіздігінен кейін федерация басшысы отставкаға кетті

Федерация басшысы әлем чемпионатындағы сәтсіздік үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алып, жанкүйерлерден кешірім сұрады.

Сауд Арабиясы футбол федерациясының президенті Ясер Әл-Мисхаль 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатындағы сәтсіз нәтижеден кейін қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz

Ол бұл туралы Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялап, ұлттық құраманың топтық кезеңнен шыға алмауы ел мен жанкүйерлердің үмітін ақтамағанын атап өтті.

«Мен және директорлар кеңесіндегі әріптестерім Сауд Арабиясы футболын дамыту үшін бар күшімізді салдық. Алайда ұлттық құраманың әлем чемпионатының келесі кезеңіне өте алмауы - біздің ортақ мақсаттарымызға сай келмейтін нәтиже», - деп жазды Әл-Мисхаль.

Федерация басшысы әлем чемпионатындағы сәтсіздік үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алып, жанкүйерлерден кешірім сұрады. Сондай-ақ ол жаңа кезеңге жол ашу мақсатында қазіргі өкілеттік мерзімі аяқталғанша қызметін жалғастырмайтын шешім қабылдағанын жеткізді.

Ясер Әл-Мисхаль Сауд Арабиясы футбол федерациясын 2019 жылдан бері басқарды.

2026 жылғы әлем чемпионатында Сауд Арабиясының құрамасы Уругваймен (1:1) және Кабо-Вердемен (0:0) тең түсіп, Испаниядан 0:4 есебімен жеңілді. Нәтижесінде екі ұпаймен өз тобында төртінші орын алып, плей-офф кезеңіне шыға алмады.

Айта кетейік, биылғы әлем чемпионаты алғаш рет 48 құраманың қатысуымен АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 19 шілдеде аяқталады.

Фото: Getty Images