457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ӘЧ-2026: Жартылай финалдық алғашқы жұп анықталды

Испания құрамасы ширек финалда Бельгияны 2:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты

Футболдан әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалдық жұбы белгілі болды. Финал жолдамасы үшін Испания мен Франция құрамалары өзара күш сынасады, деп жазады malimsports.kz

Испания құрамасы ширек финалда Бельгияны 2:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты. Ал Франция құрамасы Марокконы 2:0 есебімен ұтып, турнирдің үздік төрт командасының қатарына қосылды.

Жартылай финалдық кездесу 14 шілде күні АҚШ-тың Даллас қаласында өтеді. 

Испания үшін бұл 2010 жылдан бергі әлем чемпионатындағы алғашқы жартылай финал. Сол жылы испандықтар әлем чемпионы атанған еді. Өз кезегінде Франция құрамасы қатарынан үшінші рет (2018, 2022 және 2026 жылдары) әлем чемпионатының жартылай финалына шығып отыр.

Қос құрама соңғы рет 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жартылай финалында кездескен болатын. Ол ойында Испания 2:1 есебімен жеңіске жетіп, Ламин Ямаль мен Дани Ольмоның голдарының арқасында финалға жолдама алған еді.

Ал екінші жартылай финалдық жұп Норвегия – Англия және Аргентина – Швейцария матчтарының жеңімпаздары арасында анықталады.

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалы 19 шілде күні өтеді.

Фото: Getty Images