ӘЧ-2026: Жанкүйер күтпеген сенсациялар
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында фавориттер жиі ұпай жоғалтып, бірқатар күтпеген нәтижелер тіркелді, деп жазады malimsports.kz.
Аталған чемпионат аясында бірқатар күтпеген нәтижелер тіркелді. Оның ішінде фаворит командалардың жеңіске жете алмауы жанкүйерлер үшін күтпеген жаңалыққа баланып отыр. Мәселен:
Бразилия – Марокко (1:1) – фаворит бразилиялықтар жеңіске жете алмады.
Нидерланд – Жапония (2:2) – жапондар соңғы минутта есепті теңестірді.
Испания – Кабо-Верде (0:0) – дебютанттар әлем чемпионын тоқтатты.
Катар – Швейцария (1:1) – соңғы сәтте автогол тіркелді.
Австралия – Түркия (2:0) – австралиялықтар сенсациялық жеңіс алды.
Бельгия – Египет (1:1) – Африка құрамасы фаворитті тоқтатты.
Португалия – ДР Конго (1:1) – Роналду голсыз қалды.
Эквадор – Кюрасао (0:0) – Кюрасао тарихи алғашқы ұпайын алды.
Англия – Гана (0:0) – ағылшындар күтпеген жерден ұпай жоғалтты.
ЮАР – Оңтүстік Корея (1:0) – африкалықтар плей-оффқа шықты.
Эквадор – Германия (2:1) – немістер топтық кезеңде сүрінді.
Германия – Парагвай (1:1, пен. 3:4) – Германия турнирден сенсациялық түрде шығып қалды.
Қазіргі уақытта Лионель Месси 6 гол соғып, үздік сұрмергендер көшіп бастап тұр. АҚШ, Канада, Мексикада өтіп жатқан мундиаль 19 шілдеде аяқталады.
Фото: Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған