457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ӘЧ-2026: Үздік сұрмергендер қатарына кімдер енді?

Месси бес матчта 8 гол соқты.

Футболдан әлем чемпионатында турнир тарихындағы ең тартысты сұрмергендер жарысының бірі өтіп жатыр. Ширек финал матчтары қарсаңында ең көп гол соққан ойыншылар тізімін Аргентина құрамасының көшбасшысы Лионель Месси бастап тұр, деп жазады malimsports.kz

Месси бес матчта 8 гол соқты. Ол топтық кезеңдегі алғашқы ойында Алжир қақпасына хет-трик жасап, екінші турда дубль авторы атанды. Сонымен қатар қалған кездесулердің әрқайсысында бір голдан соқты.

Дәл осындай көрсеткішке Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе де жетті. Оның еншісінде де – 8 гол. Бұл нәтижеге ол Мароккоға қарсы кездесуде қол жеткізді. Аталған матчта Мбаппе бір гол соғып, бірінші таймда пенальтиді мүлт жіберді.

Үшінші орында Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд тұр. Ол төрт матчта 7 гол соқты. Холанд топтық кезеңде Ирак пен Сенегалға қарсы ойындарда дубль жасап, 1/8 финалда Бразилия құрамасының қақпасын да дәл көздеді.

Үздік бестікке Англия құрамасының капитаны Харри Кейн (6 гол) мен Франция құрамасының вингері Усман Дембеле (5 гол) да енді.

2026 жылғы әлем чемпионатының үздік 10 сұрмергені:

Лионель Месси (Аргентина) – 8 гол, 5 матч.

Килиан Мбаппе (Франция) – 8 гол, 6 матч.

Эрлинг Холанд (Норвегия) – 7 гол, 4 матч.

Харри Кейн (Англия) – 6 гол, 5 матч.

Усман Дембеле (Франция) – 5 гол, 6 матч.

Исмаила Сарр (Сенегал) – 4 гол, 4 матч.

Микель Оярсабаль (Испания) – 4 гол, 5 матч.

Джуд Беллингем (Англия) – 4 гол, 5 матч.

Хулиан Киньонес (Мексика) – 4 гол, 5 матч.

Винисиус Жуниор (Бразилия) – 4 гол, 5 матч.

Фото: Getty Images