ӘЧ-2026: Швейцария мен Канада келесі кезеңге жолдама алды
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының В тобындағы соңғы турда Швейцария құрамасы Канаданы 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Канададағы Ванкувер қаласында өткен кездесуде швейцариялықтардың голдарын Рубен Варгас пен Брель Эмболо соқты. Ал Канада сапынан Промис Дэвид мергендігімен көзге түсті.
Осы жеңістің арқасында Швейцария жеті ұпай жинап, топта бірінші орын алды. Ал Канада төрт ұпаймен екінші сатыға тұрақтады.
Осылайша, екі құрама да әлем чемпионатының 1/16 финалына жолдама алды. Швейцария қатарынан төртінші рет плей-оффқа шықса, Канада өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының шешуші кезеңіне жолдама алып отыр.
Айта кетейік, В тобында үшінші орынды Босния және Герцеговина иеленсе, Катар соңғы орынмен жарысты аяқтады.
Фото: Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған