ӘЧ-2026: суперкомпьютер жеңімпазға қатысты болжамын жаңартты
Opta суперкомпьютері 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының ширек финалы аяқталғаннан кейін турнир жеңімпазына қатысты жаңартылған болжамын жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Статистикалық модельдің есебіне сәйкес, әлем чемпионы атануға ең жоғары мүмкіндік Франция ұлттық футбол құрамасына тиесілі. Дидье Дешам шәкірттерінің чемпиондық ықтималдығы 34,5 пайыз деп бағаланды.
Екінші орында Испания құрамасы тұр. Луис де ла Фуэнте баптайтын команданың турнирді жеңіп шығу мүмкіндігі 23,45 пайызды құрайды. Үздік үштікті 21,94 пайыздық көрсеткішпен Англия түйіндесе, қазіргі әлем чемпионы Аргентина құрамасының чемпион атану ықтималдығы 20,55 пайыз деп көрсетілген.
Әлем чемпионының болжамды ықтималдығы:
Франция – 34,5%
Испания – 23,45%
Англия – 21,94%
Аргентина – 20,55%
Әлем чемпионатының жартылай финалында 15 шілдеде Франция мен Испания, ал 16 шілдеде Англия мен Аргентина кездеседі. Екі матч та Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің қазіргі чемпионы – Аргентина құрамасы. Олар 2022 жылы Қатарда өткен финалда Францияны пенальти сериясында жеңіп, әлем чемпионы атанған болатын.
Фото: ФИФА
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған