457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ӘЧ-2026: Шомуродовтың голы Өзбекстанды құтқара алмады

Өзбекстан ұлттық футбол құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатындағы соңғы матчында Конго ДР құрамасына 1:3 есебімен есе жіберіп, турнирмен қоштасты, деп хабарлайды malimsports.kz.

К тобының үшінші турындағы кездесуде Фабио Каннаваро жаттықтыратын команда есепті бірінші болып ашты. 10-минутта капитан Эльдор Шомуродов мергендік танытып, Өзбекстанды алға шығарды.

Алайда үзілістен кейін Конго ДР ойынды өз пайдасына өзгертті. 68-минутта Йоан Висса пенальтиден есепті теңестірсе, 78-минутта Фистон Майеле командасын алға шығарды. Қосымша уақытта Висса дубль авторы атанып, матчтың қорытынды есебін белгіледі.

Осылайша, Өзбекстан құрамасы К тобында соңғы орын алып, плей-офф кезеңіне шыға алмады. Фабио Каннавароның шәкірттері топтық кезеңдегі үш матчтың бәрінде жеңіліс тапты:

Колумбиядан – 1:3;

Португалиядан – 0:5;

Конго Демократиялық Республикасынан – 1:3.

Ал К тобынан жеті ұпай жинаған Колумбия бірінші орынмен, бес ұпай еншілеген Португалия екінші орынмен плей-офф кезеңіне жолдама алды. Төрт ұпайы бар Конго Демократиялық Республикасы үшінші орынға тұрақтады.

 

Фото: ©instagram.com/uzbekistanfa