ӘЧ-2026: Қазақстандық көрермендер ең көп тамашалаған матч анықталды
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңі аясында «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілген Португалия – Өзбекстан кездесуі барлық қазақстандық телеарналар арасында ең жоғары рейтингке қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.
K Research Central Asia деректеріне сәйкес, матчты телеарна мен ресми сайты арқылы 2 миллионға жуық көрермен тамашалаған. Кездесудің рейтингі 4,76 пайызды, ал көрермен үлесі 45,1 пайызды құрады.
Әлем чемпионатының топтық кезеңінде ең көп қаралған матчтардың қатарына Португалия – Конго Демократиялық Республикасы кездесуі де енді. Бұл ойынды 1 680 161 адам көрген. Ал Аргентина – Аустрия матчын 1 300 582, Испания – Кабо-Верде ойынын 1 200 275, Германия – Кюрасао кездесуін 1 100 042 көрермен тамашалаған.
«Qazsport» телеарнасындағы ең жоғары рейтингке ие бес матч:
Португалия – Өзбекстан – рейтингі 4,76%, көрермен үлесі 45,1%;
Португалия – Конго Демократиялық Республикасы — 3,61%, 37,8%;
Аргентина – Аустрия – 3,42%, 33,5%;
Испания – Кабо-Верде – 2,88%, 24,1%;
Германия – Кюрасао – 2,86%, 32,5%.
Осылайша, әлем чемпионаты аясындағы Португалия мен Өзбекстан құрамалары арасындағы кездесу қазақстандық көрермендер ең көп тамашалаған матч атанып, «Qazsport» телеарнасының эфиріндегі рейтинг көшін бастады.
Фото: icma.az
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған