ӘЧ-2026: Плей-офф кезеңіне шыққан құрамалар белгілі болды
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталуға жақын. Қазіргі таңда 12 құрама плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алып үлгерді, деп жазады malimsports.kz.
Топтық кезеңнің екі турында-ақ келесі кезеңге шығуын қамтамасыз еткен құрамалар қатарында Мексика, АҚШ, Германия, Аргентина, Франция, Норвегия, Колумбия, Швейцария, Канада, Оңтүстік Африка Республикасы, Бразилия және Марокко бар.
Олардың ішінде Мексика, АҚШ, Германия, Аргентина және Швейцария өз топтарында бірінші орынды иеленіп үлгерді.
Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жалпы саны 32 құрама қатысады. Оның ішінде топтарда бірінші және екінші орын алған 24 команда тікелей жолдама алады. Сондай-ақ үшінші орын алған құрамалар арасындағы ең үздік сегіз команда да жарысты жалғастырады.
1/16 финал матчтары 28 маусым мен 3 шілде аралығында өтеді. Ал 1/8 финал ойындары 4-7 шілде күндеріне жоспарланған.
Ширек финал кездесулері 9-11 шілдеде, жартылай финал матчтары 14 және 15 шілдеде өтеді.
Үшінші орын үшін матч 18 шілдеде Майами қаласында ұйымдастырылса, әлем чемпионатының финалы 19 шілдеде Нью-Йоркте өтеді.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты тарихтағы ең ауқымды турнир болып отыр. Биыл алғаш рет әлем біріншілігіне 48 ұлттық құрама қатысуда. Бұл алдыңғы жеті мундиальмен салыстырғанда 16 командаға артық.
Фото: Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған