457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ӘЧ-2026: Плей-офф кезеңіне шыққан 19 құрама белгілі болды

Сонымен қатар, 1/16 финалдың алғашқы жұптары да белгілі болды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңінің соңғы турындағы матчтардың жартысы аяқталғаннан кейін плей-офф кезеңіне жолдама алған 19 құрама анықталды, деп хабарлайды malimsports.kz

Келесі кезеңге Мексика, Оңтүстік Африка Республикасы, Швейцария, Канада, Босния және Герцеговина, Бразилия, Марокко, АҚШ, Аустралия, Германия, Кот-д'Ивуар, Эквадор, Нидерланд, Жапония, Швеция, Франция, Норвегия, Аргентина және Колумбия құрамалары шықты.

Сонымен қатар, 1/16 финалдың алғашқы жұптары да белгілі болды:

Оңтүстік Африка Республикасы – Канада;

Нидерланд – Марокко;

АҚШ – Босния және Герцеговина;

Бразилия – Жапония.

1/16 финал ойындары 28 маусым мен 3 шілде аралығында өтеді. Ал 1/8 финал кездесулері 4–7 шілдеге жоспарланған. Ширек финалдар 9-11 шілде күндері өтсе, жартылай финал матчтары 14-15 шілдеде ұйымдастырылады.

Айта кетейік, биылғы әлем чемпионаты тарихта алғаш рет 48 ұлттық құраманың қатысуымен өтіп жатыр. Турнирді АҚШ, Канада және Мексика бірлесіп қабылдауда. Әлем чемпионатының финалдық кездесуі 19 шілдеде өтеді.

Фото: Getty Images