Мәзір
ӘЧ-2026

ӘЧ-2026: Патрик Шик Чехия құрамасындағы мансабын аяқтады

MalimSports 72 қаралым
ӘЧ-2026: Патрик Шик Чехия құрамасындағы мансабын аяқтады

Чехия құрамасының шабуылшысы Патрик Шик футболдан ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz. 

30 жастағы шабуылшы Чехия құрамасы сапында он жыл бойы өнер көрсетіп, 56 матчқа қатысып, 26 гол соқты. Ол 2020 жылғы Еуропа чемпионатында бес голмен турнирдің үздік сұрмергені атанып, бұл көрсеткіш бойынша португалиялық Криштиану Роналдумен тең түскен болатын.

Қазіргі таңда Патрик Шик Германияның «Байер» клубында өнер көрсетеді.

Чехия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатындағы өнерін топтық кезеңде аяқтады. Команда А тобында Оңтүстік Кореядан (1:2) және Мексикадан (0:3) жеңіліп, Оңтүстік Африка Республикасымен (1:1) тең ойнап, топтың соңғы орнын иеленді.

Фото: Getty Images

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар