ӘЧ-2026: Өзбекстан – Колумбия матчының төрешілері белгілі болды
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты аясындағы Өзбекстан мен Колумбия арасындағы кездесуге төрешілер бригадасы тағайындалды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл матч Өзбекстан құрамасы үшін әлем чемпионаттарындағы тұңғыш тарихи ойын болмақ. Кездесу 18 маусым күні Астана уақытымен 07:00-де басталады.
Бас төреші қызметін ағылшын маманы Энтони Тейлор атқарады. Оған қапталдардан отандастары Гари Бесвик пен Адам Нанн көмектеседі. Төртінші төреші – коста-рикалық Хуан Калдерон, ал қосалқы төреші – Хуан Карлос Мора.
Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы топтық кезеңде Колумбиядан бөлек Португалия және Конго ДР командаларымен кездеседі.
Фото: Getty images
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған