Мәзір
ӘЧ-2026

ӘЧ-2026: Өзбек футболшысының голы топтық кезеңнің ең үздік голы деп танылды

Сабина Асқарқызы 26 қаралым
ӘЧ-2026: Өзбек футболшысының голы топтық кезеңнің ең үздік голы деп танылды

ФИФА-ның ресми сайтында 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңінде соғылған 12 үздік голдың арасынан ең әдемі голды анықтауға арналған дауыс беру қорытындыланды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Нәтижесінде Өзбекстан құрамасының капитаны Элдор Шомуродовтың Конго Демократиялық Республикасы қақпасына соққан добы үздік гол деп танылды.

Шабуылшы матчтың 10-минутында айып алаңына бағытталған пасты қабылдап, қақпаға өте сүйір бұрыштан соққы жасағанына қарамастан, допты қақпашының үстінен асыра шеберлікпен бағыттап, есеп ашқан болатын.

ФИФА бұл голға жоғары баға беріп: Сантиметріне дейін дәл есептелген әрі мінсіз орындалған бұл гол Өзбекстан құрамасының әлем чемпионатындағы дебютінің ең жарқын сәтіне айналды, – деп жазды.

Шомуродовтың голы дауыс беру қорытындысында Лионель Месси, Килиан Мбаппе және Винисиус Жуниор сынды футбол жұлдыздарының голдарынан жоғары бағаланды.

 

Фото: Reuters

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар