ӘЧ-2026: Норвегия 1/8 финалда Бразилияны жарыс жолынан шығарып, ірі сенсация тіркеді
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында басты сенсациялардың бірі тіркелді. Норвегия құрамасы турнир фавориттерінің бірі Бразилияны 2:1 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Кездесу басталғаннан-ақ бразилиялықтар допқа иелік етіп, шабуылды үдете түсті. Алайда норвегиялық қорғаушылар мен қақпашы қарсыластың барлық мүмкіндігін сәтті тойтарып, алғашқы таймда есеп ашылған жоқ.
Екінші таймда да ойын тізгіні Бразилияның қолында болғанымен, нәтижелі шабуыл жасаған Норвегия болды. Команда көшбасшысы Эрлинг Холанд 79-минутта есеп ашса, 90-минутта дубль авторы атанып, айырманы еселей түсті. Осылайша норвегиялық шабуылшы осы әлем чемпионатындағы гол санын беске жеткізді.
Қосымша уақыттың 90+9-минутында Неймар пенальтиден бір гол қайтарғанымен, Бразилияны жеңілістен құтқара алмады.
Осылайша, Норвегия құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды. Ал Бразилия турнирмен күтпеген жерден қоштасты.
Фото: ФИФА
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған