457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ӘЧ-2026: Мысыр Аустралияны жарыс жолынан шығарды

АҚШ-тың Даллас қаласында өткен кездесу негізгі және қосымша уақыттан кейін 1:1 есебімен аяқталды.

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Мысыр құрамасы Аустралияны пенальтилер сериясында жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz

АҚШ-тың Даллас қаласында өткен кездесу негізгі және қосымша уақыттан кейін 1:1 есебімен аяқталды. Мысыр сапынан Эмам Ашур 13-минутта есеп ашса, 55-минутта Мұхамед Хани өз қақпасына гол соғып, таразы басы теңесті. Пенальтилер сериясында мысырлықтар 4:2 есебімен басым түсті.

Топтық кезеңдегі Иранға қарсы ойында жарақат алған Мысыр құрамасының капитаны Мұхамед Салах бұл кездесуде толық матч өткізіп, пенальтилер сериясында өз мүмкіндігін сәтті пайдаланды.

Осылайша, Мысыр құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіндегі матчта жеңіске жетіп, 1/8 финалға шықты.

Енді мысырлықтар 7 шілдеде Аргентина мен Кабо-Верде арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Фото: Getty Images