Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Аргентина құрамасы Кабо-Вердені қосымша уақытта 3:2 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
АҚШ-тың Майами қаласындағы «Хард Рок» стадионында өткен кездесуде Кабо-Верде фаворит саналған Аргентинаға оңайлықпен беріле қойған жоқ. Матчтың негізгі уақытында жеңімпаз анықталмай, шешуші гол қосымша уақыттың 111-минутында соғылды.
Кездесу аяқталғаннан кейін Аргентина капитаны Лионель Месси Кабо-Верде құрамасының қақпашысы Возиньяға арнайы барып, оның тамаша ойыны үшін алғысын білдірді. Бұл сәт жанкүйерлер арасында үлкен құрметке ие болып, әлеуметтік желілерде «Нағыз аңыздар!» деген пікірлер айтылды.
Осылайша, қазіргі әлем чемпионы Аргентина 1/8 финалға жолдама алып, чемпиондық атағын қорғау жолындағы күресін жалғастырады.
Фото: Ашық дереккөзден