Мәзір
ӘЧ-2026

ӘЧ-2026: Марокко ширек финалға шыққан алғашқы құрама атанды

Сабина Асқарқызы 80 қаралым
ӘЧ-2026: Марокко ширек финалға шыққан алғашқы құрама атанды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында ширек финалға шыққан алғашқы құрама белгілі болды. Марокко 1/8 финалда турнир қожайындарының бірі Канаданы 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Кездесудің алғашқы таймында марокколық футболшылар белсенді ойнағанымен, есеп ашылған жоқ.

Екінші таймда Марокко ойын тізгінін толық өз қолына алды. 58-минутта Аззедин Унаи есеп ашса, 82-минутта дубль жасап, командасының басымдығын арттырды. Ал 90+8-минутта Суфьян Рахими матчтың қорытынды есебін белгіледі.

Осылайша, Марокко Канададан сенімді түрде басым түсіп, ширек финалға жолдама алған алғашқы команда атанды.

 

Фото: Getty Images

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар