Мәзір
ӘЧ-2026

ӘЧ-2026: Марокко құрамасы Нидерландты пенальти сериясында жеңді

Сабина Асқарқызы 65 қаралым
ӘЧ-2026: Марокко құрамасы Нидерландты пенальти сериясында жеңді

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Марокко құрамасы Нидерландты пенальти сериясында жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Мексиканың Гвадалупе қаласында өткен кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Матчтағы есепті 72-минутта нидерландтық шабуылшы Коди Гакпо ашса, екінші таймға қосылған қосымша уақыттың алғашқы минутында марокколық қорғаушы Исса Диоп таразы басын теңестірді.

Жеңімпаз матчтан кейінгі пенальти сериясында анықталды. Бұл сында Марокко құрамасы 3:2 есебімен басым түсіп, 1/8 финалға шықты.

Айта кетейік, бұл күні әлем чемпионатындағы екінші пенальти сериясы тіркелді. Бұған дейін Парагвай құрамасы Германияны дәл осы тәсілмен жарыс жолынан шығарған болатын.

Енді Марокко құрамасы 4 шілдеде Хьюстон қаласында өтетін 1/8 финалдық кездесуде Канада құрамасымен кездеседі.

Фото:  Gettyimages

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар