457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ӘЧ-2026: Канада алғаш рет үздік 16 команда қатарына енді

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен кездесудегі жалғыз голды матчқа қосылған екінші минутта жартылай қорғаушы Стивен Юштакио соқты.

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Канада құрамасы Оңтүстік Африка Республикасын 1:0 есебімен жеңіп, тарихында тұңғыш рет мундиальдың 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен кездесудегі жалғыз голды матчқа қосылған екінші минутта жартылай қорғаушы Стивен Юштакио соқты.

Айта кетейік, Канада да, Оңтүстік Африка Республикасы да әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне алғаш рет шыққан болатын.

Канада бұған дейін 1986 және 2022 жылдардағы әлем чемпионаттарына қатысқанымен, топтық кезеңнен аса алмаған. Ал биыл команда турнир қожайындарының бірі ретінде әлем чемпионатына іріктеусіз жолдама алған еді.

Енді Канада құрамасы 4 шілдеде өтетін 1/8 финалда Нидерланд-Марокко жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Фото: Getty Image