457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ӘЧ-2026: Испания Францияны жеңіп, 16 жылдан кейін алғаш рет әлем чемпионатының финалына шықты

Испания ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы финалисі атанды. Луис де ла Фуэнте шәкірттері жартылай финалда Францияны 2:0 есебімен жеңіп, шешуші матчқа жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Кездесудегі есепті 22-минутта Микель Оярсабаль ашты. Ал екінші таймның 58-минутында Педро Порро есепті еселеп, Испанияға жеңіс сыйлады.

Бұл матчтағы голынан кейін Оярсабаль бір әлем чемпионатында соққан гол саны бойынша Испания құрамасының рекордын қайталады. Ол турнирдегі бесінші голын соғып, Эмилио Бутрагеньо (1986) мен Давид Вильяның (2010) жетістігіне теңесті.

Осылайша, Испания құрамасы 2010 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының финалына шықты. Сол мундиальда испандар өз тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанған болатын.

Енді 19 шілдеде өтетін финалда Испания Англия мен Аргентина арасындағы жартылай финал жеңімпазымен кездеседі.

 

Фото: David Ramos / Getty Images