457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ӘЧ-2026: Францияның жеңісін тойламақ болған жанкүйер қаза тапты

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Франция құрамасының жеңісінен кейін ұйымдастырылған мерекелік шара қайғылы оқиғамен аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Елдің солтүстігіндегі Онуа-Эмери коммунасында 17 жастағы жасөспірім қыз қаза тапты.

Алдын ала мәлімет бойынша, бойжеткен мерекелеу кезінде жүк көлігінің төбесіне шығып, кейін құлап кеткен. Артынша көліктің дөңгелегінің астына түсіп, алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Полицияның хабарлауынша, оқиға кезінде марқұммен бірге тағы алты кәмелетке толмаған жасөспірім болған. Олардың бірі қатты күйзеліске байланысты ауруханаға жеткізілген.

Оқиғадан кейін жүк көлігінің жүргізушісі ұсталып, оның қатысы мен оқиғаның нақты себептерін анықтау үшін тергеу басталды.

Еске салайық, Франция құрамасы әлем чемпионатының ширек финалында Марокконы 2:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға шыққан болатын. Келесі кезеңде француздар Испания мен Бельгия арасындағы кездесудің жеңімпазымен жолығады.

 

Фото: Leon Neal / Getty Images