457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ӘЧ-2026: Франция – Испания матчы бір минут үнсіздікпен басталады

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жартылай финалында Франция мен Испания құрамалары арасындағы матч алдында 2016 жылы Ницца қаласында болған террорлық шабуыл құрбандарын еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

Макрон бастаманы қолдаған ФИФА президенті Джанни Инфантиноға алғыс айтып, әлем чемпионатының жартылай финалы қайғылы оқиға құрбандарын еске алумен басталатынын жеткізді.

Франция мен Испания арасындағы кездесу 14 шілдеде АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтон қаласындағы AT&T Stadium стадионында өтеді. Матч Астана уақытымен 15 шілде күні сағат 00:00-де басталады.

Еске салайық, Ниццадағы террорлық шабуыл 2016 жылдың 14 шілдесінде Францияның Ұлттық мерекесі – Бастилияны алу күні кезінде жасалған. Жүк көлігін басқарған қаскөй Англия жағалауындағы серуендеу аймағында жиналған адамдарды әдейі қағып өткен. Салдарынан 85 адам қаза тауып, жүздеген адам түрлі жарақат алған.

 

Фото: Kevin C. Cox / Getty Images