457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ӘЧ-2026: Финалдағы үзіліс қанша уақытқа созылады?

ФИФА Испания мен Аргентина футбол федерацияларына матчтағы үзілістің ұзақтығы туралы ақпарат берген

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының Испания мен Аргентина құрамалары арасындағы финалдық матчында үзіліс 17 минуттан аспайды. Бұл туралы Marca басылымы турнир ұйымдастырушыларының мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады malimsports.kz

ФИФА Испания мен Аргентина футбол федерацияларына матчтағы үзілістің ұзақтығы туралы ақпарат берген.

Басылым мәліметінше, Шакира, Мадонна және Джастин Бибердің өнер көрсетуі 11 минутқа созылады. Ал сахнаны орнату және жинау, сондай-ақ Нью-Джерсидегі «Метлайф» стадионының алаңын суаруға шамамен алты минут бөлінеді. Әлем чемпионатының финалы 19 шілдеде өтеді. Матч Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.

Осылайша, таймдар арасындағы үзіліс әдеттегі 15 минуттан екі минутқа ұзақ болады.

Айта кетейік, бұған дейін 17 шілдеде Reuters телеарна компанияларындағы дереккөздерге сілтеме жасап, 11 минуттық шоуға сахна орнату шамамен жеті минут уақыт алатынын жазған. Сондай-ақ екінші тайм басталғанға дейін жабдықтарды жинап, алаңды тазалауға да шамамен жеті минут қажет болатыны айтылған.

Ал The Telegraph басылымы 15 шілдеде әлем чемпионатының финалындағы үзіліс жарты сағатқа дейін созылуы мүмкін екенін хабарлаған еді.

Фото: Getty Images