ӘЧ-2026: бүгін ширек финалда Испания мен Бельгия ойнайды
Бүгін, 10 шілдеден 11 шілдеге қараған түні, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында екінші ширек финалдық матч өтеді. Онда Испания мен Бельгия құрамалары жартылай финал жолдамасы үшін өзара кездеседі, деп хабарлайды malimsports.kz.
Кездесу АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтіп, Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.
Матчтың тікелей трансляциясын Qazsport және Qazaqstan телеарналары көрсетеді. Эфир 23:50-де басталады. Сондай-ақ ойынды аталған телеарналардың ресми сайттары арқылы да көруге болады.
Бұл жұптың жеңімпазы жартылай финалда ширек финалда Марокконы 2:0 есебімен жеңген Франция құрамасымен кездеседі.
Испания плей-офф кезеңінде алдымен Аустрияны 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, кейін Португалияны 1:0 есебімен тізе бүктіріп, үздік сегіздікке шықты.
Ал Бельгия құрамасы 1/16 финалда Сенегалды жеңіп, 1/8 финалда АҚШ-ты 4:1 есебімен ірі есеппен ұтып, ширек финалға жолдама алды.
Фото: ©instagram.com/sefutbol
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған