457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ӘЧ-2026: бүгін Роналду бастаған Португалия плей-офф кезеңінде алаңға шығады

3 шілдеге қараған түні АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалындағы тағы үш кездесу өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл ойындарда Испания, Португалия және Швейцария құрамалары ширек финал жолдамасы үшін бақ сынайды.

3 шілде, 00:00. Испания – Аустрия

Испания құрамасы Н тобында жеті ұпай жинап, бірінші орынмен плей-офф кезеңіне шықты. Испания Кабо-Вердемен ұпай бөліскенімен (0:0), кейін Сауд Арабиясын (4:0) және Уругвайды (1:0) жеңді.

Аустрия құрамасы J тобында төрт ұпаймен екінші орын алды. Олар Иорданияны жеңіп (3:1), Аргентинадан ұтылды (0:2) және Алжирмен нәтижелі тең ойын өткізді (3:3).

Матч АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтеді. Мамандар бұл кездесуде Испанияны басты фавориттердің бірі деп есептейді.

3 шілде, 04:00. Португалия – Хорватия

Күннің ең тартысты ойындарының бірі Португалия мен Хорватия арасында өтеді. Криштиану Роналду бастаған португалиялықтар топтық кезеңде Конго Демократиялық Республикасымен (1:1) және Колумбиямен (0:0) тең түсіп, Өзбекстанды 5:0 есебімен ойсырата жеңді.

Ал Лука Модрич көшбасшылық ететін Хорватия Англиядан жеңілгенімен (2:4), кейін Гана (2:1) мен Панаманы (1:0) ұтып, плей-оффқа жолдама алды.

Торонтода өтетін кездесуде тәжірибелі қос жұлдыз – Роналду мен Модричтің текетіресі жанкүйерлер назарын өзіне аудармақ.

3 шілде, 08:00. Швейцария – Алжир

Швейцария В тобында жеті ұпаймен көш бастап, 1/16 финалға сенімді түрде шықты. Команда Босния және Герцеговинаны (4:1) және Канаданы (2:1) жеңіп, Қатармен (1:1) тең ойнады.

Алжир J тобында төрт ұпай жинағанымен, қосымша көрсеткіштер бойынша үшінші орынмен плей-оффқа өтті. Африкалық құрама Аргентинадан (0:3) жеңіліп, Иорданияны (2:1) ұтты және Аустриямен өткен матчта жеңісті сақтап қала алмады (3:3).

Бұл кездесу Канаданың Ванкувер қаласында өтеді. Швейцария қағаз жүзінде фаворит саналғанымен, Алжир сенсация жасауға тырысады.

 

Фото: ©instagram.com/portugal