457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ӘЧ-2026: бүгін Португалия мен Испания, АҚШ пен Бельгия ширек финал жолдамасын сарапқа салады

Бүгін АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалындағы кезекті екі матч өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

00:00 – Португалия – Испания

Португалия құрамасы топтық кезеңде Колумбиядан кейін К тобында екінші орын алып, плей-оффқа жолдама алды. 1/16 финалда Роберто Мартинестің шәкірттері Хорватияны 2:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Испания болса, өз тобында бірінші орын алып, турнир барысында бірде-бір гол жібермей келеді. 1/16 финалда Луис де ла Фуэнтенің командасы Аустрияны 3:0 есебімен сенімді жеңіп, 1/8 финалға шықты. Турнирде төрт гол соққан Микель Оярсабаль әзірге команданың басты сұрмергені саналады.

Кездесу АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы AT&T Stadium аренасында өтеді.

05:00 – АҚШ – Бельгия

АҚШ құрамасы топтық кезеңде D тобында бірінші орын алып, плей-оффтың алғашқы сатысында Босния және Герцеговинаны 2:0 есебімен жеңді. Осы матч алдында америкалықтардың шабуылшысы Фоларин Балоганның қызыл қағазына қатысты шешімнің күшін жоюы қызу талқыланып жатыр.

Бельгия G тобында көш бастап, 1/16 финалда Сенегалды тартысты кездесуде 3:2 есебімен жеңіп шықты. Еуропалық құрама енді турнир қожайындарының бірі саналатын АҚШ-пен ширек финал жолдамасы үшін таласады.

Матч Сиэтлдегі Lumen Field стадионында өтеді.

 

Фото: ©instagram.com/fifaworldcup/