457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ӘЧ-2026: бүгін Франция мен Марокко ширек финалдағы алғашқы жолдаманы сарапқа салады

Бүгін, 9 шілдеден 10 шілдеге қараған түні, АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында ширек финал кезеңі басталады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Алғашқы кездесуде Франция ұлттық футбол құрамасы Марокко ұлттық футбол құрамасымен кездеседі. Матч АҚШ-тағы Gillette Stadium стадионында өтеді және Қазақстан уақытымен 01:00-де басталады.

Бұл жұптың жеңімпазы жартылай финалда Испания мен Бельгия арасындағы матчта басым түскен құрамамен кездеседі.

Франция құрамасы плей-офф кезеңінде Швецияны 3:0, кейін Парагвайды 1:0 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты.

Марокко құрамасы 1/16 финалда Нидерландты пенальти сериясында (негізгі уақыт – 1:1, пенальти – 3:2) жарыс жолынан шығарса, 1/8 финалда Канаданы 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді.

Айта кетейік, бұл командалар 2022 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында да кездескен. Сол кезде Франция 2:0 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алған еді.

 

Фото: instagram.com/equipedefrance