457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ӘЧ-2026: Бүгін Франция мен Испания финал жолдамасын сарапқа салады

Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалы өтеді. Финал жолдамасын Франция мен Испания құрамалары сарапқа салады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Матч АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтон қаласындағы AT&T Stadium стадионында өтеді. Кездесу Астана уақытымен 00:00-де басталады.

Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ матчты телеарнаның ресми сайты арқылы онлайн тамашалауға болады.

Жартылай финалға дейінгі жол

Франция құрамасы плей-офф кезеңінде Швецияны (3:0), Парагвайды (1:0) және Марокконы (2:0) жеңіп, жартылай финалға шықты.

Испания құрамасы да сенімді ойын көрсетті. Испандар алдымен Аустрияны (3:0), кейін Португалияны (1:0), ал ширек финалда Бельгияны (2:1) жеңіп, үздік төрттікке жолдама алды.

Жеңімпазды кім күтіп тұр?

Бұл кездесуде жеңіске жеткен құрама әлем чемпионатының финалына шығып, Англия мен Аргентина арасындағы екінші жартылай финалдың жеңімпазымен алтын жүлде үшін таласады.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің финалы 20 шілдеге қараған түні өтеді.

 

Фото: ©Depositphotos/m.iacobucci.tiscali.it