457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ӘЧ-2026: Бүгін Англия мен Аргентина финал жолдамасын сарапқа салады

Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының екінші жартылай финалында Англия мен Аргентина құрамалары кездеседі, деп хабарлайды malimsports.kz.

Матч АҚШ-тың Атланта қаласындағы Mercedes-Benz Stadium стадионында өтеді. Кездесу Астана уақытымен 00:00-де басталады.

Ойынның бас төрешісі болып америкалық Исмаил Эльфат тағайындалды.

Жанкүйерлер жартылай финалдық кездесуді Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Сондай-ақ матч арнаның ресми сайты арқылы онлайн көрсетіледі.

Командалардың өзара кездесулер тарихы

Англия мен Аргентина құрамалары әлем чемпионаттары аясында бес рет кездескен.

Аргентина 1986 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында және 1998 жылғы мундиальдің 1/8 финалында пенальти сериясында жеңіске жеткен.

Ал Англия 1966 және 2002 жылғы әлем чемпионаттарының топтық кезеңінде басым түскен.

Екі құрама соңғы рет 2005 жылы жолдастық кездесуде ойнады. Сол матчта ағылшындар камбэк жасап, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Командалар жартылай финалға қалай жетті?

Англия құрамасы плей-офф кезеңінде Конго Демократиялық Республикасын (2:1), Мексиканы (3:2) және Норвегияны (2:1) жеңіп, үздік төрттікке жолдама алды.

Аргентина құрамасы Кабо-Вердені (3:2), Мысырды (3:2) және Швейцарияны (3:1) жеңіп, жартылай финалға шықты. Сонымен қатар аргентиналықтар қазіргі әлем чемпионы саналады.

Айта кетейік, алғашқы жартылай финалда Испания Францияны 2:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының финалына шықты.

Англия мен Аргентина арасындағы матчтың жеңімпазы 20 шілдеге қараған түні Нью-Йоркте өтетін финалда Испаниямен кездеседі.

 

Фото: Dan Mullan / Getty Images