457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ӘЧ-2026: Англия мен Норвегия ширек финалда кездеседі

Англия ұлттық футбол құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Томас Тухель шәкірттері 1/8 финалда турнир қожайындарының бірі Мексиканы 3:2 есебімен жеңді.

Мехикодағы әйгілі Estadio Azteca стадионында өткен кездесу нөсер жаңбырдың салдарынан бір сағатқа кеш басталды.

Алғашқы таймда Англияның басымдығын Джуд Беллингем қамтамасыз етті. Ол 36 және 38-минуттарда екі гол соғып, командасын алға шығарды. Алайда үзіліске дейін Хулиан Киньонес есеп айырмасын қысқартып, Мексиканың үмітін оятты.

Екінші таймның басында ағылшындар қиын жағдайға тап болды. 54-минутта қорғаушы Джаррелл Куанса өрескел ойыны үшін алаңнан қуылып, Англия он ойыншымен қалды.

Соған қарамастан, алты минуттан кейін Харри Кейн пенальтиден мүлт кетпей, есепті 3:1-ге жеткізді.

69-минутта төреші Марк Гехидің ережені бұзғанын тіркеп, Мексика пайдасына пенальти белгіледі. Рауль Хименес мүмкіндігін пайдаланып, есепті 3:2-ге жеткізгенімен, алаң иелері матч соңына дейін таразы басын теңестіре алмады.

Осылайша, Англия әлем чемпионатының ширек финалына шығып, келесі кезеңде Бразилияны жарыс жолынан шығарған Норвегия құрамасымен кездесетін болды.

 

Фото: depositphotos/DURAOFOTO©