457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ӘЧ-2026: алтыншы ойын күнінде Франция мен Аргентина алғашқы матчтарын өткізеді

Бүгін, 17 маусымға қараған түні АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі алтыншы ойын күні өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жанкүйерлерді төрт қызықты матч күтіп тұр. Алаңға Франция мен Аргентина секілді турнирдің басты фавориттер шығады.

ӘЧ-2026. Алтыншы ойын күнінің кестесі (Қазақстан уақытымен):

00:00 – Франция – Сенегал (I тобы)

Алтыншы ойын күнін Франция құрамасы бастайды. Әлем чемпионатының басты фавориттерінің бірі саналатын француздар алғашқы кездесуінде Сенегал құрамасына қарсы алаңға шығады.

03:00 – Ирак – Норвегия (I тобы)

Осы топтағы екінші матчта Ирак пен Норвегия құрамалары алғашқы ұпайлары үшін таласады. Бұл кездесу плей-оффқа шығу жолындағы маңызды матчтардың бірі болуы мүмкін.

06:00 – Аргентина – Алжир (J тобы)

Ойын күніндегі басты кездесулердің бірі – қазіргі әлем чемпионы Аргентина құрамасының матчы. Лионель Месси бастаған команда турнирдегі алғашқы ойынын Алжирге қарсы өткізеді.

09:00 – Аустрия – Иордания (J тобы)

Алтыншы ойын күнінің соңғы матчында Аустрия мен Иордания құрамалары кездеседі. Екі команда да әлем чемпионатын жеңіспен бастауға тырысады.

Еске салайық, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусымда басталып, 19 шілдеге дейін жалғасады. Биылғы мундиаль тарихта алғаш рет 48 ұлттық құраманың қатысуымен өтіп жатыр.

 

Фото Reuters