457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

2026 жылғы әлем чемпионаты: 1/16 финалдың тоғыз жұбы белгілі болды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталуына бір күн қалғанда 1/16 финалдың тоғыз жұбы анықталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазіргі уақытта плей-оффтың алғашқы кезеңіне 28 құрама жолдама алып үлгерді. Алайда олардың барлығы қарсыласын әлі анықтаған жоқ.

1/16 финалдың белгілі болған жұптары:

29 маусым, 00:00 — Оңтүстік Африка Республикасы – Канада

29 маусым, 22:00 — Бразилия – Жапония

30 маусым, 01:30 — Германия – Парагвай

30 маусым, 06:00 — Нидерланд – Марокко

30 маусым, 22:00 — Кот-д’Ивуар – Норвегия

1 шілде, 02:00 — Франция – Швеция

2 шілде, 05:00 — АҚШ – Босния және Герцеговина

3 шілде, 23:00 — Аустралия – Мысыр

4 шілде, 03:00 — Аргентина – Кабо-Верде

Әзірге Мексика, Бельгия, Испания, Колумбия, Швейцария, Эквадор, Сенегал, Португалия, Англия және Гана құрамаларының 1/16 финалдағы қарсыластары анықталған жоқ.

Плей-офф кезеңіне жолдама алатын соңғы төрт құрама алдағы тәулікте белгілі болады. Осыдан кейін 1/16 финалдың барлық жұптары толық жасақталады.

 

Фото: Depositphotos/thenews2.com©