Мәзір
Теннис

Александр Бублик теннистен Қытайдағы турнирдің финалына шықты

Сабина Асқарқызы 214 қаралым
Александр Бублик теннистен Қытайдағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан ATP 250 турнирінде жүлде үшін сынға түседі, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жартылай финалда Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы қытайлық Ибин Уден басым түсіп, 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Шешуші ойында қазақстандық спортшы франциялық Валантен Руайемен өзара мықтыны анықтайды.

Бұған дейін әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) ресми сайтында жекелей және жұптық сындағы спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялаған болатын. 

Фото: olympic.kz

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар