Елена Рыбакина US Open турниріне «қатыспайды»
Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының аралас жұптар арасындағы жарысында өнер көрсетпейтін болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстандық теннисші миксте америкалық Тейлор Фрицпен жұптасып ойнауы тиіс еді. Алайда оның орнына әлемнің үшінші ракеткасы, АҚШ өкілі Джессика Пегула қатысатын болды.
АҚШ ашық чемпионатының микс турнирі Нью-Йоркте 24–26 тамыз аралығында, жекелей сындағы бәсекелер басталғанға дейін өтеді.
Еске сала кетейік, Елена Рыбакина Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінің төртінші айналымында Польшаның өкілі Ига Швентекпен өткен матчта сол аяғынан жарақат алып, кездесуді аяқтай алмаған болатын.
Қазіргі уақытта қазақстандық теннисшінің жарақаты жанкүйерлер мен теннис мамандарының алаңдаушылығын тудырып отыр.
Айта кетейік, Джессика Пегула Цинциннати турнирінің жартылай финалында Ига Швентекті 7:5, 4:6, 6:4 есебімен жеңіп, финалға шықты. Енді ол чемпиондық атақ үшін әлемнің төртінші ракеткасы, америкалық Кори Гауфпен кездеседі.
Фото: ҚТФ
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған