457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде көшбасшылық орнын сақтап қалды

Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің ширек финалында жарақаттан кейін матчты жалғастыра алмаған қазақстандық теннисшінің есебінде 5 492 ұпай бар.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина жаңартылған WTA чемпиондық кестесінде бұрынғыша көш басында келеді, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Қазақпараттың жазуынша, Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің ширек финалында жарақаттан кейін матчты жалғастыра алмаған қазақстандық теннисшінің есебінде 5 492 ұпай бар.

Беларусь өкілі Арина Соболенко (5 185 ұпай) екінші, ресейлік Мирра Андреева (5 184 ұпай) үшінші орында.

Америкалық теннисшілер Джессика Пегула (5 045) и Кори Гауфф (4 874) сәйкесінше төртінші және бесінші сатыда тұр.

Биылғы маусымның қорытындысы бойынша үздік сегіздікке енген теннисшілер WTA қорытынды турниріне жолдама алады.

Ал WTA жаңартылған рейтингісінде А.Соболенко 8 575 ұпаймен көш бастап келеді. 

Е.Рыбакина 8 141 ұпаймен екінші орында қалса, Д.Пегула (7 265) үздік үштікте.

Цинциннати турнирінің финалында Д.Пегуланы 6:2, 6:4 есебімен жеңген К.Гауфф (6 704) төртінші сатыда. 

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 81-ден 80-ге ауысты.

Фото: ҚТФ

Ең көп оқылған