Мәзір
Теннис

Александр Бублик ATP рейтингінде екі саты төмендеді

Сабина Асқарқызы 60 қаралым
Александр Бублик ATP рейтингінде екі саты төмендеді

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) ерлер арасындағы жекелей және жұптық сында әлемдік рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жаңартылған рейтингте екі саты төмендеп, 13-орынға орналасты.

Қазақстандық тағы бір теннисші Александр Шевченко өз позициясын сақтап, 89-орында қалды.

Әлемдік рейтинг көшін италиялық Янник Синнер жалғастырып келеді. Алайда ол жарақатына байланысты жақында басталатын US Open турниріне қатыспайды.

Екінші орында испаниялық Карлос Алькарас болса, үздік үштікті германиялық Александр Зверев түйіндеп тұр.

Ал ерлер арасындағы жұптық рейтингте Финляндия өкілі Харри Хелиоваара әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесін сақтап қалды.

Фото: Getty Images

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар