Елена Рыбакина жаңартылған әлемдік рейтингтегі орнын білді

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) ресми сайтында жекелей және жұптық сындағы спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әйелдер арасындағы жекелей сында 10-орнын сақтап қалды. Ал отандасымыз Юлия Путинцева екі саты төмен түсіп, қазір 63-орында тұр.
Әлемдік рейтингтің көшбасшысы өзгеріссіз қалды: бірінші орында – Беларусь спортшысы Арина Соболенко, екінші орында – польшалық Ига Швёнтек, үздік үштікті америкалық Коко Гауфф түйіндеді.
Жұптық сын бойынша Чехия теннисшісі Катержина Синякова қайтадан көш бастап, америкалық Тейлор Таунсендті екінші орынға сырғытты. Үздік үштікте Жаңа Зеландия өкілі Эрин Рутлифф бар.
Қазақстандық жұптық сынның үздігі Анна Данилина өз позициясын сақтап, 13-орында қалды.
Фото: Visionhaus/Getty Images


Ең көп оқылған
