Жеңіс Ысқақованың күйеуі әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Белгілі эстрада әншісі Жеңіс Ысқақованың күйеуі еркін күрестен ардагерлер арасында өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп жазады malimsports.kz El.kz интернет порталы.
Бұл туралы әнші әлеуметтік желіде жазба жариялап, күйеуінің соңғы бір жылдар күреспен айналысып, айтулы табысқа жеткенін жариялады.
"Сүйінші! Балаларымның әкесі, немеремнің атасы, Мажарстанның Татабанья қаласында өтіп жатқан боз кілем шеберлерінің, яғни спорт ардагерлерінің әлем чемпионатында жеңіске жетті. Әлемнің бірнеше дүркін чемпиондарымен және Олимпиада жүлдегерлерімен бірге күш сынасып, қола медальға қол жеткізу - біздің отбасымыз үшін үлкен жеңіс. Отағасы жас кезінде күреспен шұғылданып, кейін бір себептермен күреспей қойған екен. Бірақ өмір бойы спортпен шұғылданып, әрдайым бабында жүреді. Осы, бір жылдың көлемінде қайтадан өзінің жанына жақын спортпен айналыса бастады. Нәтижесі - екі халықаралық турнирде алтын медаль. Күні кеше әлем чемпионатында қола медальға қол жеткізді.Шамамен 35 жыл үзілістен кейін кілемге қайтып оралып, осындай жетістікке қол жеткізген менің жігітім кезінде кілемнен кетпегенде елімізге талай медальдар әкелер еді. Жарайсың,Тоқтасын Сейсенбайұлы!", - деп жазды Жеңіс Ысқақова.
Фото: Ашық дереккөзден
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған