Нұрасыл Асамбек U20 әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Словакияның Братислава қаласында күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан құрамасының өкілі Нұрасыл Асамбек 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды.
Үшінші орын үшін өткен белдесуде қазақстандық балуан Өзбекстан өкілі Ұлықбек Рашидовты айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды.
Ал 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Бейбарыс Ерғали қола медаль үшін өткен кездесуде АҚШ өкілі Джеймс Мастниге есе жіберді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасының тағы бір балуаны Бекасыл Асамбек 61 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алған болатын.
Фото: ҰОК
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған