Мәзір
Күрес

Қазақстан күрес түрлерінен U20 әлем чемпионатын төрт медальмен аяқтады

Сабина Асқарқызы 59 қаралым
Қазақстан күрес түрлерінен U20 әлем чемпионатын төрт медальмен аяқтады

Словакияның Братислава қаласында күрес түрлерінен U20 жас санатындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Қазақстан құрамасының қоржынына жалғыз алтын медальді грек-рим күресінің өкілі Қазыбек Қалмағамбетов (67 келіге дейін) салды.

Еркін күрестен Бекасыл Асамбек (61 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болса, Нұрасыл Асамбек (57 келіге дейін) және Нұрдәулет Сейілбеков (74 келіге дейін) қола медаль алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын төрт медальмен аяқтады.

Фото: ҚР ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар