457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық әлем чемпионына автокөлік сыйға тартылды

Көліктің кілтін Қазыбек Қалмағамбетовке Мейрамбек Махамбетов салтанатты түрде тапсырды.

Грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Қазыбек Қалмағамбетов туған жері Ақтөбеге оралды. Жас чемпионды жерлестері ерекше құрметпен қарсы алып, оған автокөлік сыйға тартылды.

Словакияда өткен U20 әлем чемпионатында 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған Қазыбек Қалмағамбетов 22 тамызда Ақтөбеге келді.

Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайда 19 жастағы спортшыны ата-анасы, туған-туыстары, спорт саласының өкілдері және жүздеген жанкүйер қарсы алды.

Салтанатты қарсы алу рәсіміне Ақтөбе облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов қатысып, жас балуанды тарихи жеңісімен құттықтады.

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың ұсынысымен әлем чемпионына арнайы сыйлық – автокөлік табысталды. Көліктің кілтін Қазыбек Қалмағамбетовке Мейрамбек Махамбетов салтанатты түрде тапсырды.

Қазыбек Қалмағамбетов бұл жеңісімен Ақтөбе облысының спорт тарихына енді. Ол грек-рим күресінен U20 санатында әлем чемпионы атанған өңір тарихындағы алғашқы балуан болды.

Қазақстандық балуан әлем чемпионатында 67 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, финалға дейін төрт қарсыласын жеңді.

Алтын медаль үшін шешуші белдесуде Қалмағамбетов Беларусь өкілі Михаил Марковскиймен кездесті. Тартысты өткен финалда қазақстандық спортшы қарсыласынан 13:7 есебімен басым түсіп, әлем чемпионы атанды.

Осылайша, 19 жастағы Қазыбек Қалмағамбетов халықаралық аренадағы ірі жеңісімен Қазақстан қоржынына алтын медаль салып қана қоймай, Ақтөбе облысы үшін де тарихи нәтиже тіркеді.

Фото: instagram/@aktobe_akimat

Ең көп оқылған