Нұрдәулет Сейілбеков әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды
Қазақстан еркін күрестен Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Нұрдәулет Сейілбеков 74 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Отандасымыз қола жүлде үшін өткен белдесуде Италия өкілі Алессио Перентинді жеңді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы еркін күрестен әлем біріншілігін үш медальмен аяқтады. Бұған дейін Бекасыл Асамбек (61 келіге дейін) күміс медальға ие болса, Нұрасыл Асамбек (57 келіге дейін) қола жүлдегер атанған еді.
Фото: UWW
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Аналитика
|
25.08.2026 17:59
2026-08-25 17:59:00
Ең көп оқылған