Жапонияның әйгілі дзюдошысы спортпен қош айтысты
Париж-2024 Олимпиадасының қола жүлдегері, 2017 жылғы әлем чемпионы және әлем біріншіліктерінің бірнеше дүркін жүлдегері Соиши Хашимото 34 жасында кәсіби мансабын тәмамдайтынын мәлімдеді. Бұл ақпаратты judoworld7 телеграм-арнасы таратты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Тәжірибелі спортшы қоштасу үндеуін әлеуметтік желіде жариялап, жанкүйерлері мен өзі жолыққан жандарға алғыс айтты. Ол ұзақ жылдар бойы татами үстіндегі күрестен көп сабақ алғанын, талай қиындыққа қарамастан армандарын жүзеге асыруға тырысқанын атап өтті. Сондай-ақ, енді жинаған тәжірибесін жас буынға үйретіп, жаңа салаларда өзін сынауға ниетті екенін жеткізді.
«Мен дзюдодан кетуді шештім. Осы жолда жолыққан жанның бәріне және мені жылдар бойы қолдаған адамдарға шексіз алғыс айтамын. Енді жинаған тәжірибемді келесі буынға беріп, түрлі салаларда жаңа сын-тегеуріндерді қабылдағым келеді. Дзюдо маған үйреткеннің бәрін өзіммен бірге алып, өмірімнің жаңа кезеңіне шынайылықпен және толық жан-тәніммен қадам басамын. Барлығыңызға рақмет», - деді Соиши Хашимото.
Соиши Хашимото - заманауи дзюдоның техникалық шеберлігімен ерекшеленген жарық есімдерінің бірі. Оның мансабы жапон дзюдосының классикалық дәстүрін сақтай отырып, жоғары нәтижеге ұмтылған спортшының жарқын үлгісі саналады. Енді ол бапкерлік бағытта және басқа да кәсіби салаларда жаңа белестерді бағындыруды көздеп отыр.
Фото: IJF
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған