457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жанкүйерлер Астана әуежайында әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды қарсы алды

Грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғали елге оралды. Оның Астанада арнайы топ салтанатпен қарсы алды.

Бүгін түнде Астана халықаралық әуежайында Хорватия астанасы Загреб қаласында өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында грек-рим күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали мен Ұлттық құрама спортшылары, бапкерлері туған еліне оралды, деп хабарлайды malimsports.kz

Спортшыларды қарсы алушылардың қатарында туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, спорт жанкүйерлері, әскери оркестр болды.

Айта кетейік, 60 келіде бақ сынаған Айдос Сұлтанғали финалдық бәсекеде Өзбекстан балуанын бір минутта Әлішер Ганиевті таза жеңген еді. Ол бұған дейін 2018 және 2022 жылдары қола жүлдені еншілеген болатын.

Ал грек-рим күресінен отандық спорттың тарихына үңілсек, Юрий Мельниченко (2 рет), Мхитар Манукян (2 рет), Бақтияр Байсейітов (1 рет) ғана жеңістің ең биік сатысына шыға алған.

Фото: Туризм және спорт министрлігі