457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жәмила Бақбергенова рейтингтің турнирдің қола жүлдесін үшін белдеседі

Бүгін ұлттық құраманың бес балуаны жүлде үшін сынға түседі.

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында күрес түрлерінен халықаралық рейтингтік турнир жалғасып жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz

5 маусымда жарыс жолына грек-рим және әйелдер күресінің балуандары шықты. Нәтижесінде бес балуан қола медаль үшін сынға түседі.

Грек-рим күресінен Еркебұлан Ардақов 63 келіге дейінгі салмақта оңтүстіккореялық Хёнун Чхвемен белдеседі.

Ал 130 келіге дейінгі салмақта Олжас Сырлыбай үндістандық Джогиндер Ратхимен қола жүлдені өзара сарапқа салады.

Әйелдер күресінен Марал Тәңірбергенова 50 келіге дейінгі салмақта Ниламмен (Үндістан) өзара мықтыны анықтайды. 

57 келіге дейінгі салмақта Нилуфар Раимова қола жүлде үшін өтетін белдесуде Даниэль Сью Чинг Лиммен (Сингапур) күреседі. 

Ал Жәмила Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақта моңғолиялық Одгэрэл Эрдэнэ-Очирмен күш сынасады.

Фото: ҰОК