457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жәмила Бақбергенова Иван Ярыгин турнирінде топ жарды

Отандасымыз аталған турнирде қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді.

Ресейдің Красноярск қаласында өткен Иван Ярыгин атындағы халықаралық турнирде Қазақстан әйелдер құрамасы 1 алтын, 2 күміс медаль олжалады, деп хабарлайды malimsports.kz
Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы ресми додасында 72 келі салмақ дәрежесінде Жәмила Бақбергенова жеңімпаз атанып отыр. 

Отандасымыз аталған турнирде қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, өз салмағындағы теңдессіз үздіктер көшін бастады. 

Бұдан бөлек, қазақстандық Лаура Алмағанбетова (55 кг) және Виктория Хусаинова (59 кг) тек соңғы белдесуде ғана есе жіберіп, күміс жүлдемен марапатталған жайы бар. 

Фото: Ашық дереккөзден