457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жәмила Бақбергенова Будапешт турнирінің күміс жүлдегері атанды

Отандасымыз алтын жүлде үшін өткен кездесуде Польша өкілі Виктория Холуйден жеңіліп қалды.

Қазақстандық балуан Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен Будапешттегі (Венгрия) халықаралық рейтингілік турнирде күміс медальға ие болды, деп жазады malimsports.kz

72 келіге дейінгі салмақта бәсеке айналмалы жүйе бойынша өтті.

ҚР ҰОК мәліметінше, Жәмила бірінші белдесуінде қырғызстандық Кайыргуль Шаршебаеваны жеңсе, екінші айналымда үндістандық Дикша Малик тізе бүктірді.

Дегенмен алтын жүлде үшін өткен кездесуде Польша өкілі Виктория Холуйден жеңіліп қалды. Осылайша күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, бүгін, 19 шілдеде грек-рим күресінен қалған салмақ дәрежелері бойынша жүлделер сарапқа салынады.

Фото: ҚР ҰОК