Жәмилә Бақбергенова Албаниядағы турнирде топ жарды
Албания астанасы Тирана қаласында өткен Мұхамет Малоны еске алуға арналған халықаралық турнир мәресіне жетті. 25 ақпан мен 1 наурыз аралығында ұйымдастырылған беделді рейтингілік бәсекеде Қазақстан әйелдер құрамасы тарихи нәтижеге қол жеткізді.
72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Жәмилә Бақбергенова жарысты сенімді жеңіспен аяқтады.
Финалда қазақстандық балуан Қырғызстан спортшысы Нурзат Нуртаевамен белдесіп, 14:3 есебімен айқын басым түсті. Осылайша, Жәмилә турнирдің алтын медалін иеленді.
Айта кетейік, Бақбергенова жарыс барысында Виктория Холуйді (Польша) – 4:3, Бусе Тосунды (Түркия) – 6:1, Дикша Маликті (Үндістан) –10:0, финалда Нұрзат Нуртаеваны (Қырғызстан) – 14:3 есебімен жеңді.
Жәмилә – әлем чемпионаттарының төрт дүркін жүлдегері (үш күміс, бір қола) және Азияның төрт дүркін чемпионы.
Тиранадағы рейтингілік турнирде әйелдер құрамасы мынадай жетістікке жетті:
50 кг – Зейнеп Баянова (алтын)
55 кг – Лаура Алмағанбетова (алтын)
72 кг – Жәмилә Бақбергенова (алтын)
57 кг – Нилуфар Раимова (қола)
76 кг – Гүлмарал Еркебаева (қола)
Осылайша, Қазақстан құрамасы 3 алтын және 2 қола медальмен жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Бұл – ел тарихындағы «Muhamet Malo» турниріндегі алғашқы командалық жеңіс.
Медальдық есеп (үздік бестік)
Қазақстан –3 алтын, 0 күміс, 2 қола
Ресей – 2 алтын, 2 күміс, 1 қола
Қырғызстан – 1 алтын, 2 күміс, 1 қола
Украина – 1 алтын, 1 күміс, 1 қола
АҚШ – 1 алтын, 0 күміс, 5 қола.
Фото: әлеуметтік желі
Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады
Ең көп оқылған