Қазақстан құрамасының балуаны Виктория Хусаинова Загребтегі әлем чемпионатын айқын жеңіспен бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бүгін Хорватия астанасы Загребте әйелдер күресінен іріктеу басталды.
Ұлттық құрама сапынан бозкілемге алғаш болып Виктория Хусаинова (-59 кг) шықты. Ол Зельтзин Эрнандестің (Мексика)12:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.
Бүгін бозкілемге шыққан Ризабек Айтмұқан алғашқы айналымда UWW құрамасының балуанына 5:4 есебімен жол берсе, легионер балуан Начын Куулар (-65 кг) қытайлық палуанды айқын басымдықпен жеңді.
Сондай-ақ, 92 келіде Камиль Куруглиев жұбаныш белдесуінде жеңіске жетіп, енді әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін парсы балуанымен күреседі.
Фото: ҰОК баспасөз қызметі