457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Үш қазақстандық балуан алтын медаль үшін күреседі

Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан U20 жас санатындағы Азия чемпионатында Қазақстанның еркін күрес шеберлері сәтті өнер көрсетіп, үш спортшы финалға шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.

61 келіге дейінгі салмақта Бекасыл Асамбек жартылай финалда ирандық Алиасгар Солтаниді жеңіп, алтын медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Финалда оның қарсыласы үндістандық Пушп болады.

74 келіге дейінгі салмақта Нұрдәулет Сейілбеков те жартылай финалда Үндістан өкілі Адарш Патилден басым түсіп, шешуші белдесуге жолдама алды. Енді ол чемпиондық атақ үшін ирандық Мохаммад Мамивандпен күш сынасады.

Ал 92 келіге дейінгі салмақта Бейбарыс Ерғали жартылай финалда өзбекстандық Улугбек Ортиковты жеңіп, финалға шықты. Алтын медаль үшін өтетін белдесуде ол Түрікменстан балуаны Довлетгельды Мурадовпен кездеседі.

Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының тағы екі өкілі қола жүлде үшін күреседі. 86 келіге дейінгі салмақта Асхаб Хаджиев жартылай финалда ирандық Аболфазл Хадживандтан жеңіліп, енді үндістандық Сахил Далалмен белдеседі.

125 келіге дейінгі салмақта Риза Изахар да жартылай финалда ирандық Аболфазл Мохаммаднежадқа есе жіберді. Енді ол қола медаль үшін моңғолиялық Наратулга Дармаабазармен күш сынасады.

 

Фото: Біріккен күрес әлемі